Мемлекеттік кірістер комитеті картасына жиі аударым түскен қазақстандықтарға хабарлама жібере бастады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Мемлекеттік кірістер комитеті жеке банк карталарына жүйелі түрде ақшалай аударымдар түсіп тұрған Қазақстан азаматтарына ресми хабарламалар жолдай бастады.
Салық органдары бұл шараны биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы банк операцияларын талдау негізінде қолға алып отыр.
Комитеттің мәліметінше, ақпараттық хаттар бір мезгілде мынадай үш белгі анықталған азаматтарға жіберілуде: қатарынан үш күнтізбелік айдың әрқайсысында жеке шотқа 100 және одан көп әртүрлі тұлғадан ақша түскен; пайдаланылған шот кәсіпкерлік қызметке арналмаған; аталған кезеңдегі түсімдердің жалпы сомасы 12 төменгі жалақы мөлшерінен асқан. Мұндай операциялар азаматтың жасырын кәсіпкерлікпен айналысып, табыс тауып отырғанын көрсетуі мүмкін.


