Мектептерде смартфон қолдану тәртібі өзгереді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Парламент палаталарының бірлескен отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектептерде смартфон қолдану ережелері әзірленіп жатқанын айтты.
Министрдің сөзінше, жоғары сынып оқушыларына смартфон қолдануға рұқсат беру керек. Себебі олар онлайн-платформалар арқылы білім алып, ҰБТ мен SAT емтихандарына дайындалады. Ал 7-сыныпқа дейінгі оқушылар сабақ басталғанда телефонын тапсыратын болады.
Түпкілікті шешім жаңа қағидалар бекітілгеннен кейін қабылданады.


