Каспий теңізінде 6 күн бұрын суға кеткен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Марқұмның денесі 26 маусымда сағат 18:30 шамасында оқиға орнынан 9 шақырым қашықтықта табылған.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД құтқарушылары, арнайы техника мен жүзу құралдары, сондай-ақ Ұлттық ұланның әскери бөлімінің және Әскери-теңіз күштерінің сүңгуірлері жұмылдырылды.
21 маусымда теңіз жағалауындағы жабдықталмаған жерде шомылу кезінде 27 жастағы жігіттің суға батып кеткені туралы хабарлама түскен.

