Атырауда Хиуаз Доспанова атындағы халықаралық әуежайды жаңғыртуға 2025 жылы 50 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылған, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Инвестордың жол картасына сәйкес, жобалау жұмыстары 2026 жылдың шілдесінде басталып, құрылыс 2027 жылдың желтоқсанында аяқталуы тиіс.
Жаңа терминал өңірдегі ірі инфрақұрылымдық жобалардың біріне айналмақ. Нысанның жалпы ауданы 16,5 мың шаршы метрді құрайды. Терминал пайдалануға берілгеннен кейін әуежайдың өткізу қабілеті жылына 800 мыңнан 3 млн жолаушыға дейін артады. Болашақта бұл көрсеткішті 6 млн жолаушыға дейін жеткізу жоспарланып отыр.


