Мобильді аударым: Салық органдарынан хабарлама келгенде не істеу керек?

Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылдың І тоқсанындағы банктік операциялар бойынша кәсіпкерлік қызметтен табыс табу белгілері бар деп танылған азаматтарға ақпараттық хаттар жолдады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, мұндай хаттар бір уақытта бірнеше шартқа сай келген тұлғаларға жіберіледі. Үш ай қатарынан әр айда жеке шотқа 100 және одан да көп адамнан ақша түсуі, шоттың кәсіпкерлік қызметке арналмауы және жалпы кірістің 12 ең төменгі жалақыдан асуы тіркелсе, ол адам тексеріледі. 

Комитет мұндай хаттың жауапкершілікке тартуды білдірмейтінін, оның тек түсіндіру сипатында екенін мәлдімдеді. Азаматтарға салық заңнамасына сай өз қызметін ретке келтіруге мүмкіндік беріледі.

Ұқсас ақпараттар