Еуропа елдерінде ауа температурасы рекордтық деңгейге көтерілгені белгілі болды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Соңғы мәліметке қарағанда, Франция, Италия және Испанияда 100 миллионнан астам тұрғын ыстықтан сақтану туралы ескерту алған.
Францияның кейбір аймақтарында ауа температурасы 46 градусқа дейін көтерілді. Париж өңірінде іші қызып кеткен көлікте үшінші бала қайтыс болды. Сонымен қатар, үш атом электр станциясы тоқтап, 68 мыңдай үй жарықсыз қалды.
Испанияда жексенбіден бері аптап ыстықтан 216 адам көз жұмса, Италияның 16 қаласында ауа температурасы 41 градусқа жетті.


