Алаяқтар БЖЗҚ атынан хабарласып жүргені белгілі болды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Алаяқтар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметкері ретінде хабарласып, «тиісті жарналардың кейбірі аударылмай қалған, қайта есептесек, зейнетақы көлемі артуы мүмкін», — деп айтады.

Күдік тудырмас үшін, қордың жұмыс істеп тұрған бөлімшесіне шақырады. Яғни ресми мекенжайын айтады. «Кезек күтіп қалмас үшін, алдын ала электронды кезекке қояйын» деп телефонға келген sms-кодты сұрайды.

Азамат кодты айтқан бойда алаяқтар оның банк қосымшаларына, жеке деректеріне қол жеткізеді.