АҚШ Иранның ядролық бағдарламасына қарсы 672 млн доллар бөлмек, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Дональд Трамп әкімшілігі Ирандағы ядролық материалдарды шығару және залалсыздандыру үшін АҚШ Конгресінен 672 млн доллар сұрады.
Fox News мәліметінше, қаржы АҚШ Энергетика министрлігіне бөлініп, Тегеранның ядролық қару жасау мүмкіндігін шектеуге бағытталған шараларға жұмсалмақ.
Бастама Вашингтон мен Тегеран арасындағы ядролық бағдарлама және байытылған уран қоры жөніндегі келіссөздер аясында көтеріліп отыр.

