Жұмыс уақытында құмар ойын ойнаған мемлекеттік қызметкер жұмыстан кетті

Түркістан облысында төрт мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Облыс прокуратурасы тексеру нәтижесінде Сарыағаш ауданындағы мемлекеттік органдардың жекелеген қызметкерлері заңнама талаптарын, қызметтік тәртіпті және мемлекеттік қызметшілерге қойылатын шектеулерді бұзып, жұмыс уақытында құмар ойындарға қатысқанын анықтаған.

Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде төрт қызметкер атқарып отырған лауазымдарынан босатылды.

“Аталған әрекеттер мемлекеттік қызмет қағидаттарына, қызметтік әдеп талаптарына қайшы келеді және мемлекеттік органдардың беделіне нұқсан келтіреді”, – делінген хабарламада. 

Ұқсас ақпараттар