Ақтөбе облысындағы мейрамханада жүзден астам адамның улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласындағы мейрамханалардың бірінде 102 қонақтың жаппай улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі таңда тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 304-бабы («Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр. Кінәлі тұлғалар анықталған жағдайда, аталған бап аясында заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады.
«Тергеу шеңберінде оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады», – делінген департамент таратқан ресми хабарламада.


