Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиі әлі де әзірленіп жатыр – Ғылым министрлігі

Латын графикасы негізіндегі жаңа қазақ әліпбиін қабылдау мәселесі әлі де мұқият зерттеуді талап етеді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Ведомствоның мәліметінше, бұған дейін таныстырылған әліпби жобасы қазіргі уақытта Президенттің тапсырмасымен жетілдіріліп жатыр.

Қазіргі таңда министрлік жанындағы А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы және жоғары оқу орындарының ғалымдары жаңа әліпби мен емле ережелерінің жобаларын әзірлеуді жалғастыруда.

Ұқсас ақпараттар