Соғыстың басталғанына 85 жыл толуы қарсаңында қазақстандық делегация Брест қаласына барды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Олармен бірге жеті ел парламентінің делегациялары да болды.
Депутаттар Брест қамалын қорғаушылар мемориалына гүл шоқтарын қойып, ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді еске алды. Олардың арасында қазақстандықтар да аз болмаған. Кейбір деректер бойынша, олардың саны мыңнан асады. Алайда фотосуреттермен және ресми құжатпен дәлелденген мәліметтер әлдеқайда аз сақталған.
Бүгін түнгі сағат үште метроном үні шығып, соғыстың басталуына арналған еске алу рәсімі өтеді.
«Біздің мақсатымыз — елге оралмаған батырлардың рухына тағзым ету. Бұл соғыс біздің еліміздегі ғана емес, көптеген басқа мемлекеттегі әр отбасының тағдырына әсер етті», — деді Мәжіліс депутаты Сергей Пономарёв.


