Бектенов шекарадағы бақылауды күшейтіп, жанар-жағармай тапшылығына жол бермеуді тапсырды

Үкімет басшысы мұнай нарығындағы қазіргі жағдай бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Онда мұнай өнімдерін заңсыз әкетудің алдын алу шараларына ерекше назар аударылды.

Премьер-министр ішкі мұнай өнімдері нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, соңғы бір айда 12 тоннаға жуық жанар-жағармай экспорты тоқтатылған.

Конверттелген газ бактары бар 54 көлік анықталып, олардың иелері жауапқа тартылды.

Бұл жұмыс жалғасуда және жіті бақылауда.

Ұқсас ақпараттар