Ормуз бұғазы маңындағы Иран портында Қазақстанның өз алаңы болады

Қазақстанның әлемнiң аса маңызды теңiз бағыттарының бiрi — Ормуз бұғазы маңындағы Иран портында өз учаскесi болады. Дәл осы тар дәліз арқылы әлемдік мұнайдың едәуір бөлігі өтеді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Келіссөздің негізгі тақырыптарының бірі порт инфрақұрылымын дамыту болды. Иран тарабы Қазақстанға Шахид Раджаи (Бендер-Аббас) портынан жер учаскесін бөлу мәселесін келісу аяқталғанын хабарлады.

Қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін учаске Қазақстан жағына беріледі. Бұған жауап ретінде Қазақстан Иранға Ақтау және Құрық порттарындағы алаңдарын, айлақтар мен терминалдарды Каспийдегі ирандық компаниялардың логистикалық қызметін дамыту үшін беру мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін растады.

Серік Жұманғарин ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Иран Ислам Республикасының делегациясымен екіжақты кездесу өткізді. Иран делегациясын жол және қала құрылысы министрі Фарзане Садек бастап келді.

Ұқсас ақпараттар