Оқушылар мен жеңілдік иелері LRT картасын қалай алады?

CTS LRT оқушылар және жеңілдік санатындағы көлік картасын қалай рәсімдеуге болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Атаулы картаны LRT-ның барлық стансаларынан бірден алуға болады. Сондай-ақ Transcard.kz сайты арқылы өтінім беріп, орталық кассадан алуға мүмкіндік бар. Картаны рәсімдеу құны –1200 теңге.

Атаулы көлік картасы елорданың білім беру ұйымдарында оқитын 7-18 жас аралығындағы оқушыларға, сондай-ақ Астана қаласында тіркелген және жеңілдік санатына жататыназаматтарға рәсімделеді.

Картаны алу үшін туу туралы куәлік немесе жеке куәлік, оқу орнынан анықтама не жеңілдікті растайтын құжат және 3×4 көлеміндегі фотосурет қажет.

Ұқсас ақпараттар