Тоқаев Қошановқа алғыс айтты

Тоқаев Amanat партиясының бұрынғы төрағасы Ерлан Қошановқа нәтижелі әрі елге пайдалы еңбегі үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Сонымен қатар ол партия мүшелерінің жуырда өткен съезде жаңадан құрылған Әdilet  партиясына қосылу жөнінде қабылдаған тарихи шешімдеріне ризашылығын білдірді.  Президент елімізді жаңғырту, заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіпке негізделген Әділетті Қазақстанды құру ісіне Amanat партиясының елеулі үлес қосқанын атап өтті. 

Мемлекет басшысы отаншыл партия мүшелерінің Әdilet партиясының қатарында да ел игілігі жолындағы белсенді әрі жемісті қызметін абыроймен жалғастыра беретініне сенім білдірді. 14 маусым күні Астана қаласында Әdilet партиясының съезі өтіп, онда делегаттар екі партияның қосылуын қолдап дауыс берді. 

Делегаттар партияны одан әрі дамыту, өңірлік филиалдарды құру, ұйымдастыру құрылымын нығайту мәселелерін талқылады, сондай-ақ Amanat партиясының Әdilet партиясына қосылуы туралы мәселені қарастырды.

Ұқсас ақпараттар