Екі жыл ішінде балалардан құқығы бұзылғаны жөнінде 167 мың хабарлама келіп түскен – Зәкиева

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Биыл «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы қабылданды;

9 өңірдегі ахуалға мониторинг жүргізіліп, балалардың психологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге және олардың құқықтарының бұзылуының алдын алуға бағытталған іс-шаралар сапасы зерделенді;

Мектептерде QR-111 жүйесінің енгізілуі балалармен тікелей байланыс орнату және олардың құқықтарының бұзылу фактілерін анықтау барысында тиімді болғанын көрсетіп отыр. Аталған құрал іске қосылғаннан бері, яғни, 2024 жылдың қазан айынан 2026 жылдың маусым айына дейін балалардан 167 мың хабарлама мен 4 523 қоңырау келіп түскен.

Президент «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын сапалы жүзеге асыру мақсатында Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің, Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың күш-жігерін жұмылдыру маңызды екенін атап өтті.

Ұқсас ақпараттар