АҚШ Ресей мұнайын Жапонияға тасымалдауға рұқсат берді

АҚШ Қаржы министрлігі Ресейдің «Сахалин-екі» мұнай-газ жобасынан өндірілген шикізатты теңіз арқылы тасымалдауға рұқсат беретін лицензияның мерзімін осы жылдың 18 желтоқсанына дейін ұзартты, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Алайда бұл мұнай тек Жапонияға импортталуы тиіс. Вашингтон бұл лицензияны алғаш рет төрт жыл бұрын енгізген және содан бері бірнеше рет ұзартты.

Күн шығыс елі үшін аталған жоба — энергетикалық қауіпсіздік тұрғысынан маңызды. Сондықтан Токио бұған дейін аталған жобаның мұнайын халықаралық баға шектеулерінен де алып тастаған еді.

Сонымен қатар АҚШ Ресейдің санкцияға іліккен бірқатар банктерімен азаматтық атом энергетикасы саласындағы операцияларға рұқсат беретін лицензияны да желтоқсанға дейін ұзартты. Бұл қатарда Сбербанк, ВТБ, Газпромбанк және Ресейдің Орталық банкі сияқты қаржы ұйымдары бар. Бұл шешім АҚШ-тың санкциялық қысымды сақтай отырып, Жапонияның энергия қауіпсіздігі мен халықаралық атом жобаларының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Ұқсас ақпараттар