Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде Агенттік Төрағасы Мәдина Әбілқасымованың Біріккен Араб Әмірліктерінің ірі банктерінің бірі Abu Dhabi Commercial Bank PJSC (ADCB) өкілдерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Кездесу барысында тараптар «Abu Dhabi Commercial Bank (Kazakhstan)» АҚ-тың құрылуымен іске қосылуының одан әрі кезеңдеріне байланысты мәселелерді, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктік лицензия алудың ұйымдастырушылық және реттеушілік аспектілерін талқылады.
Қазақстанда әмбебап банк ашу жоспарын Біріккен Араб Әмірліктерінің ADCB банкі 2024 жылдың қарашасында жариялаған болатын. Бұған дейін, 2024 жылдың шілдесінде ADCB тобы «Al Hilal» ислам банкі АҚ-ның 100% жай акцияларын сатып алуға рұқсат алған. Кейін, қазан айында банк атауы «ADCB Ислам Банкі» болып өзгертілді.

