Атыраулық дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған науқасты аман алып қалды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Жүрек тұсындағы қатты ауырсынуға байланысты жедел жәрдем шақырған 1967 жылы туған ер адамның жүрегі ауруханаға жеткізу кезінде бірнеше рет тоқтап қалған.
Кардиологиялық орталық дәрігерлері науқастан ST сегментінің көтерілуімен жүретін жедел коронарлық синдром мен кардиогендік шокты анықтады.
Мамандар жоғары технологиялық стенттеу операциясын жасап, қан айналымын қалпына келтірді. Қазір науқастың жағдайы тұрақты.


