Денсаулық сақтау министрлігі антибиотиктердің бақылаусыз сатылуына қарсы шараларды күшейтпек, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Ведомствоның мәліметінше, антибактериялық дәрілер әлі күнге дейін дәрігер рецептісінсіз, оның ішінде онлайн-платформалар арқылы сатылып келеді.
Бұл жағдай өзін-өзі емдеу фактілерінің көбеюіне және антибиотиктерге төзімділіктің артуына себеп болып отыр.
Енді елемізде: — антибиотиктерді рецептісіз сатуға бақылау күшейтіледі; — дәрілік заттарды таңбалау жүйесі кеңейтіледі; — төзімділік қаупі төмен антибиотиктерді тіркеуге басымдық беріледі; — өңірлердегі зертханалар жаңартылып, мамандар оқытылады.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова микробқа қарсы төзімділікті тежеу үшін нақты практикалық шараларға көшу қажет екенін айтты.


