Бозымбаев Қытайда Алатау қаласын дамыту мәселесін талқылады

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жұмыс сапарымен Қытайға барды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Жұмыс сапары барысында Шэньчжэнь қаласының мэрі Цинь Вэйчжунмен кездесті. Тараптар Алатау қаласын дамыту, инвестициялар тарту, қаланы цифрлық басқару және заманауи технологияларды енгізу мәселелерін талқылады.

Шэньчжэнь тәжірибесіне ерекше назар аударылды.

Шэньчжэнь әлемдегі ірі инновация, жоғары технологиялар және кәсіпкерлік орталықтарының бірі болып саналады.

Бозымбаев Шэньчжэнь компаниялары мен даму институттарын Alatau City жобаларына қатысуға шақырды. Әңгіме жасанды интеллект, цифрлық инфрақұрылым, логистика, жасыл энергетика және жоғары технологиялық өндірістер салалары туралы болды.

Ұқсас ақпараттар