ҰҚК әзілкеш Нұрлан Сабуровқа жүргізген тексеру қорытындысын жариялады

ҰҚК әзілкеш Нұрлан Сабуровқа қатысты жүргізілген тексеру қорытындысын жариялады. Ведомство мәліметінше, тексеру барысында заң бұзушылық белгілері анықталмаған, деп хабарлайды Sayasatlive.kz  порталы.

Бұған дейін БАҚ-та Сабуровтың «Вагнер» құрамындағы «Истра» бөлімшесіне мотоцикл сыйлап, «Все для победы» қорына 2 млн рубль аударғаны туралы ақпарат тараған болатын. Осыған байланысты бірқатар БАҚ құқық қорғау органдарына ресми сауал жолдап, бұл әрекеттердің Қазақстан заңнамасы тұрғысынан бағалануын сұраған.

ҰҚК бұған дейін аталған дерек бойынша тексеру болғанын хабарлаған еді. Ал Ішкі істер министрлігі Сабуровқа қатысты қылмыстық іс қозғалмағанын мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін Нұрлан Сабуровқа Ресей аумағына кіруге тыйым салынғаны хабарланған. Сондай-ақ Украинада оған қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тараған.

Ұқсас ақпараттар