Қарин: Конституциялық реформаның үшінші кезеңі мемлекеттік-саяси моделді жаңғыртуға бағытталған

Мемлекетік кеңесші Ерлан Қарин 2026 жылы 1 шілдеде конституциялық реформаның үшінші кезеңі басталатынын айтты, деп хабарлайды Sayasatlive.kz  порталы.

Бұл туралы Ерлан Қарин Telegram арнасында жазып, бүгін Мемлекет басшысы бірқатар конституциялық заңға қол қойғанын баса атап өтті. Атап айтқанда:

  • Қазақстан Республикасының Президенті туралы;
  • Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы;
  • Қазақстан Халық Кеңесі туралы;
  • Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы;
  • Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы.

«Референдумда қабылданған жаңа Ата Заң Конституциялық реформаның бірінші кезеңінде жүзеге асырылса, заңдардың және басқа да құқықтық актілер топтамасының бекітілуімен реформаның екінші кезеңі түйінделеді. Ал 1 шілдеден реформаның үшінші кезеңі басталады. Бұл мемлекеттік-саяси моделді жаңғыртуға бағытталған. Алдымен Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді, одан кейін Қазақстан Халық Кеңесі құрылады, оның ізін ала биліктің өзге де негізгі институттары жаңарады. Реформалардың жалпы қисыны кезең-кезеңімен жүзеге асырылуында: алдымен тұжырымдама, содан соң құқықтық база, одан кейін мемлекеттің саяси моделінің жаңаруы», делінген жазбада.

Ұқсас ақпараттар