Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-дан 17%-ға дейін төмендетті, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.
Бұған мамырдағы инфляцияның жылдық көрсеткішінің 10,4%-ға дейін төмендеуі себеп болған.
Биыл инфляция 9-11%-ға дейін төмендеп, бір таңбалы деңгейге түседі деген үміт бар. Орта мерзімді перспективада инфляцияның мақсатты көрсеткіш 5%-ға дейін тұрақталатыны күтіледі.
«Биыл экономикалық өсім де жаман болмайды. 4,5-5,5%-ға жетуі мүмкін. Бұған мұнай бағасының жоғары болуы ($90/баррель), сондай-ақ ішкі экономикалық белсенділіктің өсуі ықпал етуі тиіс», — дейді Тимур Сүлейменов.
Бас банкир мөлшерлеменің төмендеуі экономика үшін несие алу құнын азайтып, бизнесті қаржыландыруға жол ашады деп отыр. Ал шілдедегі келесі отырыста мөлшерлемеге қатысты жаңа шешім қабылданады.


