«Сұңқар, Лашын, Аспан, Тарлан»: Астанадағы LRT-ға жаңа атау беріледі

Астанадағы LRT-ға жаңа атау беріледі. Бұл бастама қалалық мәслихат отырысында талқыланды. Тұрғындар тарапынан «Сұңқар», «Лашын», «Аспан» және «Тарлан» секілді бірнеше атау ұсынылған, деп хабарлайды Sayasatlive.kz  порталы.

Қала билігінің түсіндіруінше, әлемнің көптеген елінде қоғамдық көлік жүйелеріне қаланың мәдениеті мен ерекшелігін айқындайтын қысқа әрі есте сақталатын атаулар беріледі. Ал LRT атауы көлік жүйесінің техникалық сипаттамасын ғана білдіреді.

«Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы» басшысының міндетін атқарушы Досжан Исабектің айтуынша, қоғамдық ұйымдардан бірқатар ұсыныс түскен.

«Қалалық ономастика комиссиясының отырысында Астана LRT жеңіл рельсті көлік жүйесіне «Тарлан Астана» атауын бір ауыздан қолдады», – деді Досжан Исабек.

Ұқсас ақпараттар