Осы жылдан бастап мүгедектігі бар жандардың жәрдемақысы 10 пайызға көбейді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz  порталы.

Соңғы жылдары елімізде мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдері айтарлықтай жеңілдетілді.

2022 жылдан бері медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшелеріне бармай-ақ қажетті рәсімдерден өтуге мүмкіндік беретін мүгедектікті тағайындаудың сырттай проактивті форматы енгізілді.

Бүгінгі таңда куәландырудың 45%-дан астамы онлайн-форматта жүргізіледі.

2026 жылдан бастап мүгедектігі бойынша берілетін мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 10%-ға артты.

 Төлем мөлшері:

I топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін – 200 мың теңгеге дейін;

II топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін – 154 мың теңгеге дейін;

III топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін – 117 мың теңгеге дейін.