Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 316 шақырым қашықтықта орналасқан, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.
Жер сілкінісінің ошағы 30 шақырым тереңдікте болған.
Ең күшті дүмпулер Жаркент қаласында тіркеліп, онда есептік қарқындылық 4 баллды құрады.Сондай-ақ Сарқан, Жансүгіров, Текелі, Шонжы және бірқатар басқа елді мекендерде жер сілкінісі 3 балл шамасында сезілген.
Алматы, Талдықорған, Қонаев, Есік, Талғар, Үшарал және өзге де елді мекендерде есептік қарқындылық 2 баллды құрады.
Сейсмологтардың мәліметінше, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.


