16 миллион қазақстандықтың жеке деректері коллекторлардан табылды

Талдықорғанда коллекторлық агенттік қызметкерлері азаматтардың дербес деректерін қамтитын мамандандырылған ақпараттық жүйені заңсыз пайдаланған, деп хабарлайды Sayasatlive.kz  порталы.

Аталған деректер базасы арқылы азаматтардың тегі, аты-жөні, ЖСН-і және ұялы телефон нөмірі бойынша ақпарат іздеуге мүмкіндік болған.

Деректер базасын ұйымдастыруға және пайдалануға қатысы бар үш адам ұсталды.

Сонымен қатар, тексеру шараларын жүргізу үшін бірнеше адам полиция органдарына жеткізілді.

Аталған факті бойынша ақпаратты заңсыз иемдену дерегімен қылмыстық іс қозғалды.

Ұқсас ақпараттар