Маңғыстау облысында әткеншектен 12 жастағы баланың денесі табылған

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz  порталы.

1 маусым күні үй ауласындағы қолдан жасалған әткеншектен 12 жастағы баланың жансыз денесі табылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, баланы алғаш болып басқа жасөспірім байқап қалған. Куәгерлердің айтуынша, марқұмның жүзі көгеріп, аузынан көбік аққан. Оқиға орнына жедел жеткен дәрігерлер оның көз жұмғанын растады.

Полицияның хабарлауынша, бала қолдан жасалған әткеншекте ойнап жүрген кезде ауыр жарақат алып, салдарынан оқиға орнында қайтыс болған. Алайда оның нақты қандай жарақат алғаны әзірге жария етілген жоқ.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Құзырлы органдар сот-медициналық сараптама нәтижелерін күтіп отыр.

Ұқсас ақпараттар