The Wall Street Journal мәліметінше, Біріккен Ұлттар Ұйымы қаржылық қиындықтарға тап болған, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.
Бұған негізгі себеп ретінде АҚШ пен Қытайдың жарна төлемдерін кешіктіруі аталып отыр.
Хабарға сәйкес, АҚШ ұйымға төлеуі тиіс бірнеше миллиард долларды әлі толық аудармаған. Сонымен қатар Вашингтон шығындарды оңтайландыру саясаты аясында бірқатар халықаралық бағдарламаларға қатысуын қысқартқан.
Басылым дерегінше, АҚШ-тың БҰҰ алдындағы берешегі 4 млрд доллардан асқан.
Ал Қытай да өз жарналарын толық өтеуде кідіріс жасаған. WSJ мәліметіне сай, Қытайдың қарызы шамамен 445 млн долларды құрайды.
БҰҰ-ның негізгі бюджетінің елеулі бөлігі осы екі елдің жарналарына тәуелді болғандықтан, қаржылық теңгерімге айтарлықтай қысым түсіп отыр.


