Пашинян Арменияда референдум өткізуге қатысты мәлімдеме жасады

Пашинян ЕАЭО елдерінің Арменияда референдум өткізу туралы талабына жауап берді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz  порталы.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Арменияның бір мезгілде Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) және Еуропалық одаққа мүше бола алмайтынын мойындады.

Сондықтан ол елде ерте ме, кеш пе осы мәселені шешетін референдум өтетінін атап өтті.

Пашинянның айтуынша, Армения Еуропалық одаққа мүшелік туралы референдум өткізу мәселесін тек кандидат мәртебесін алғаннан кейін ғана көтере алады.

«Армения ЕО-ға мүшелік мәселесі бойынша ресми түрде өтініш білдірмейінше немесе кандидат мәртебесін алуға жақындамайынша, референдум өткізу қисынсыз. Себебі халыққа таңдау ұсыну үшін негіз жоқ, тепе-теңдік қалыптаспаған, яғни қай бағытпен жүру керектігін ұсынатындай жағдай жасалмаған», – деді Пашинян.

Ұқсас ақпараттар