Үкімет өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу шараларын күшейтеді

Үкімет Президент тапсырмасына сәйкес, өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу шараларын күшейтеді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz  порталы.

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов еңбекті қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру қажеттігін атап өтті.

«Мемлекет басшысы еңбекті қорғау саласын толық цифрландыру және өндірістегі оқыс оқиғалардың алдын алуды қамтамасыз ету міндетін қойды. Осыған байланысты кәсіптік тәуекелдерді азайтуға, өндірістік қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға және цифрлық шешімдерді енгізуге баса назар аударылуы тиіс.

Қорыта айтқанда, еңбекті қорғау саласындағы жұмысты күшейтіп, аталған мәселені тұрақты бақылауда ұстау қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Жалпы үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жүктелді.

Ұқсас ақпараттар