«ҚазАвтоЖол» мәліметі: Жамбыл облысындағы автожол туралы жаңа шешім шықты

Жамбыл облысындағы автожолдың екі учаскесінде жылдамдық режимі сағатына 120 шақырымға дейін ұлғайтылды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.

«ҚазАвтоЖол» компаниясының мәліметінше, өзгеріс «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің Қайнар – Тараз және Тараз – Шымкент ақылы жол учаскелерінде 19 мамырдан бастап күшіне енген.

Сондай-ақ осы күннен бастап Тараз – Шымкент учаскесінде орташа жылдамдықты тіркеу жүйесі уақытша өшірілді.

«Осыған байланысты сағатына 110 шақырым жылдамдық шектеуін асырғаны үшін келіп түсетін айыппұл хабарламалары жергілікті уәкілетті органдардың құзыретіне жатады және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның жауапкершілік аймағына кірмейді», – делінген компания хабарламасында.

Ұқсас ақпараттар