Қазақстанда жаңа 500 теңгелік банкнота айналымға шығады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.
Ұлттық банк мәліметінше, бұл «Сақ стилі» сериясымен шыққан бесінші банкнота
Ұлттық банк шынайы банкноталарды қолдан жасалған ақшадан ажыратуға көмектесетін қарапайым ережелерді атады:
Елтаңба алтын түстес металл бояудың жоғары бедерлі қабатымен басылған.
Банкнота бетінде үзік-үзік пішінде монохромды қорғаныс жібі бар. Ол жарық түскенде бір тұтас жіпке айналады.
Локальды су белгісінің қорғаныш элементі – электротип. Жарыққа тосқанда электротип белгісі номинал бейнесінде анық көрінеді.


