Мәжіліс отырысында 14 заң жобасы қаралады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.
Олардың қатарында жол қауіпсіздігі, экология және бірқатар халықаралық келісімдер бар.
Жаңа өзгерістер аясында авто мектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек. Енді оқытушылардың біліктілігі мен оқу көліктерінің техникалық жағдайы қатаң тексеріледі.
Сонымен қатар экология саласына қатысты нормалар да қаралып жатыр. Егер заң жобасы мақұлданса, сарапшылар Қазгидромет қызметінің құзіреті кеңейетінін айтады.

