Әлемдік нарықта мұнай арзандап, Brent маркалы мұнайдың құны 100 доллардан төмен түсті. Бұған АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің оң бағытта өтуі мүмкін деген ақпарат себеп болған, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.
Сарапшылардың айтуынша, Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленістің бәсеңдеуі Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалына төнетін қауіптің азаюына әсер етуі мүмкін. Инвесторлар да мұнай жеткізілімі тұрақтанады деп күтуде.
Азия биржалары ашылған кезде Brent бағасы 104 доллардан 95 долларға дейін төмендегені байқалды.
Нарықтағы бұл өзгеріс АҚШ тарапынан жасалған ресми мәлімдемелерден кейін орын алып отыр.

