Күдіктілер бұл аккаунттарды азаматтарға алаяқтық қоңырау жасау үшін пайдаланады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.
Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілердегі аккаунттарды үшінші тұлғаларға беру фактісі туралы мәлімдеді.
«Кәмелетке толмағандардың материалдық сыйақы алу мақсатында әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы үшінші тұлғалардың өтінішімен sim-карталарды іске қосып, оларды әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге тіркеп, кейін басқа адамдарға беру жағдайлары тіркелуде», — делінген мәлімдемеде.
Полиция мұндай әрекеттер қылмысқа жәрдемдесу ретінде сараланатынын ескертті.


