Қостанай облысындағы су айдындарының бірінен қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.
Қайғылы оқиға Арқалық қаласында болған.
Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ екені хабарланды.
Облыстық полиция мәліметінше, су айдынынан қыздың денесінің табылуы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Қазіргі уақытта полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу шараларын жүргізіп жатыр», — дейді полициядағылар.
