Мәжілісте тіл мәселесі көтерілді: Қазыбек Иса вице-министрге ескерту жасады

Мәжіліс отырысында депутат Қазыбек Иса Әділет министрлігі өкілінің қазақ тілінде жауап бермегеніне наразылық білдірді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.

Депутаттың айтуынша, халық қалаулылары сұрақтарын мемлекеттік тілде қойғанымен, вице-министр Ботакөз Шаймарданқызы жауапты орыс тілінде қайтарған. Ол мұны мемлекеттік тілдің мәртебесіне сай келмейтін жағдай деп атады.

Қазақстанның мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Сондықтан министрлік өкілдері де ресми жиындарда қазақша еркін сөйлеуі керек”, — деді Қазыбек Иса.

Сондай-ақ депутат алдағы уақытта Парламентке мемлекеттік тілді меңгерген өкілдерді жіберуді ұсынды.

Оқиға қоғамда тіл мәселесіне қатысты талқылауды қайта жандандырды.

Ұқсас ақпараттар