Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялауға 4 млн доллар жұмсалған

Қазақстан үкіметі Таяу Шығыстағы ахуал кезінде азаматтарды елге қайтару үшін шамамен 4 миллион доллар шығын шығарған. Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.

Министрдің айтуынша, алғашқы кезеңде аймақта шамамен 4 мың қазақстандық болған. Кейін жағдай күрделеніп, эвакуация кезінде көмекке мұқтаж азаматтар саны 10 мыңға дейін жеткен.

— Жолаушылардың жартысында әуе компанияларынан алдын ала сатып алынған кері билеттер болды. Яғни тасымалдау қызметінің бір бөлігі төленген еді. Біз негізінен сақтандыру тәуекелдері бойынша шығындарды өтедік. Сонымен қатар Дубайдағы азаматтарды жағдай тұрақтырақ елдерге көшіруге тура келді. Барлық шығын шамамен 4 миллион долларды құрады, — деді Нұрлан Сауранбаев.

Министр нақты қай елдерге уақытша орналастыру жүргізілгенін айтпады. Алайда үкімет бұған дейін Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты қазақстандықтарға қауіпсіздік шараларын күшейту жөнінде бірнеше рет ескерту жасаған болатын.

Ұқсас ақпараттар