Алматы облысында Ан-2 ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды

Алматы облысында Ан-2 ұшағы апатты жағдайда жерге қонды. Оқиғаға байланысты арнайы тергеу басталды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.

Көлік министрлігінің мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Алайда жағдай авиациялық апат ретінде тіркелген.

Оқиғаның себептерін анықтау үшін апат орнына көліктегі оқиғаларды тергеу департаментінің маманы жіберілген. Қазіргі уақытта мамандар ұшақтың техникалық жағдайын және апатты қонуға не себеп болғанын тексеріп жатыр.

Ведомство өкілдері барлық мән-жайды анықтау мақсатында толыққанды тергеу жүргізілетінін мәлімдеді.

Ұқсас ақпараттар