Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы болады

Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп хабарлайды sayasatlive.kz «Қазгидромет» РМК мәліметіне сүйеніп.

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің бірқатар өңірінде бұршақ жауып, екпінді жел тұруы мүмкін. Әсіресе оңтүстік пен оңтүстік-шығыстағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жауын-шашын мөлшері артып, нөсер жаңбыр жауады деп күтілуде.

Тек шығыс өңірлерде ғана жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі болжанса, еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл көтерілуі ықтимал. Ал батыс пен оңтүстік-шығыс аймақтарда түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

Ұқсас ақпараттар