Еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды деп хабарлайды sayasatlive.kz «Қазгидромет» РМК мәліме сүйеніп.
Синоптиктердің болжамынша, 29 сәуірде Астана қаласында түнде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді. Мұндай суық Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында да сезіліп, термометр бағаны -1 градусқа дейін төмендемек.
Ал Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында үсіктің күші 2-3 градусқа дейін жетеді.
Сонымен қатар батыс пен солтүстік өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін. Маңғыстау облысының оңтүстігі мен шығысында бұршақ жаууы ықтимал.
Оңтүстік облыстардың таулы аудандарында да өткінші жаңбыр мен дауыл күтіледі. Көптеген аймақтарда тұман түсіп, желдің екпіні 15-20 м/с, ал Жетісу облысында кей уақыттарда 25 м/с дейін күшейеді.
Ауа райының құбылмалылығына қарамастан, Ақтөбе, СҚО, Павлодар, Атырау, Қызылорда және Абай облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады. Жетісу облысының шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

