Биыл Қазақстанға жұмыс істеуге келетін шетелдіктерге қатысты жоспар белгілі болды, деп хабарлайды sayasatlive.kz  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Министрлік биылға 23,6 мың маманға орын (квота) дайындаған. Бұл — сырттан келетін мықты кадрларға арналған орын. Ал қара жұмысқа немесе маусымдық шаруаларға келетін еңбек иммигранттары үшін 221 мыңнан астам рұқсат берілмек. Жыл басталғалы 5 мыңнан астам маман жұмысқа рұқсат алып, елге келіп те қойды.

Министрліктің айтынша, негізгі мақсат — өзімізде тапшы мамандарды сырттан алдыру, бірақ жергілікті жұмысшылардың орнын тартып алмауын қадағалау.

Еске салайық, Ресей, Беларусь, Қырғызстан мен Армения азаматтарына бұл квотаның қатысы жоқ. Олар біздің елде ешқандай қағазсыз-ақ еркін жұмыс істей береді.