Қазақстанда Вице-президентті тағайындау мәселесі жаңадан сайланатын Құрылтай жұмысын бастағаннан кейін шешілмек. Бұл туралы Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Парламент кулуарында мәлімдеді, деп хабарлайды sayasatlive.kz.
Палата төрағасының айтуынша, бұл лауазымға кандидатты таңдау және тағайындау тікелей Мемлекет басшысының құзыретіне жатады.
«Жаңа Құрылтай сайланғаннан кейін Президент тиісті шешім қабылдайды. Барлық процедуралық сұрақтар мен өкілеттіктер біздің Конституциямызда нақты жазылған», — деді Мәулен Әшімбаев.
Айта кетейік, Вице-президент институты елдің саяси жүйесіндегі маңызды қадамдардың бірі ретінде қарастырылады. Ендігі кезекте жұртшылық Мемлекет басшысының Құрылтайдан кейінгі ресми шешімін күтеді.
































