Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ бұрынғы басқарма төрағасына қатысты тергеуді аяқтады. Ж.Д. «Омаров алма бақтарын толық жабдықтау» бағдарламасы аясында бюджет қаржысын жымқырғаны үшін айыпталды, деп хабарлайды sayasatlive.kz.
Тергеу нұсқасы бойынша, Омаров өз бақылауындағы тұлғалар мен «Green Mart Kazakhstan» ЖШС сияқты үлестес компанияларды пайдаланып, мемлекет қаржысын қолды қылған.
Келтірген шығын көлемі:
- 430 млн теңгеден астам — мемлекетке тікелей келтірілген залал;
- 327 млн теңге — агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға бөлінген инвестициялық субсидиялардың заңсыз алынған сомасы.
«Бөлінген жалпы соманың тек 20%-ы ғана мақсатты жұмысқа жұмсалған. Қалған 250 млн теңгеден астам қаражат сенімді тұлғалар арқылы қолма-қол ақшаға айналып, талан-таражға түскен», — деп хабарлайды ҚМА.
Сот санкциясымен құны 1 млрд теңгеден асатын, жалпы ауданы 108 га болатын жер учаскелеріне арест қойылды. Күдікті Ж.Д. Омаров қазіргі уақытта қамауға алынып, қылмыстық іс сотқа жолданды.
Айта кетейік, бұл іс бойынша бұған дейін Қордың бұрынғы басқарушы директоры М.К. Ысқақов пен «Green Mart Kazakhstan» ЖШС басшысы Р.Б. Сазынбек кінәлі деп танылған. Олар 8 жылға бас бостандығынан айырылып, 4 автокөлігі тәркіленді.
































