Ел аумағында ауа райы күрт бұзылады — ТЖМ

Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды деп хабарлайды sayasatlive.kz ТЖМ-ге сілтеме жасап.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтілуде. Кей жерлерде бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Жетісу, Атырау, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай өңірінде желдің жылдамдығы секундына 15-28 метрге дейін, кейде одан да жоғары күшейеді.

Сонымен қатар еліміздің батыс, солтүстік және орталық аймақтарында тұман түсіп, Шығыс Қазақстанда көктайғақ болады деп болжануда.

Оңтүстік өңірлерде, атап айтқанда Қызылорда мен Түркістан облыстарында шаңды дауыл көтеріледі. Сонымен қатар Абай, Алматы, Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында, сондай-ақ елдің батысында өрт қаупі әлі де жоғары болып қала береді.

Еске салайық, бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі қатты жел мен дауыл кезінде қауіпсіздік шараларын сақтап, мүмкіндігінше алыс жолға шықпауды ескерткен болатын.

Ұқсас ақпараттар