Қазақстандық құтқарушылар жыл басынан бері өрт кезінде 449 газ баллонын сыртқа шығарып, жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды sayasatlive.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, бұл баллондардың 125-тен астамы 50 литрлік үлкен көлемде болған. Мамандардың айтуынша, жанып жатқан нысандардан газ баллондарын алып шығу өте қауіпті операция болып саналады, себебі әрбір сәтте жарылыс болу қаупі жоғары.
Жалпы, жыл басынан бері ТЖМ бөлімшелері 10 мыңнан астам рет дабыл бойынша шығып, қауіпті аймақтардан 4 мыңнан астам адамды құтқарып, эвакуациялаған.
Құтқарушылар газ баллондарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды. Бұл қайғылы жағдайлардың алдын алып, материалдық шығынды азайтуға мүмкіндік береді.


