Атырауда бекіре зауыты 147 миллион теңгені заңсыз жұмсамақ болған

Атыраудағы бекіре балық өсіру зауыты 147,4 миллион теңгеге бекіре уылдырығын заңсыз сатып алмақ болған, деп хабарлайды sayasatlive.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Мемлекеттік кәсіпорын биыл ақпан айында сатып алу порталы арқылы қомақты қаржыға уылдырық алуға тапсырыс берген. Бірақ заң бойынша бұл зауыттың мұндай сатып алуды жүргізуге ешқандай рұқсаты жоқ болып шықты. Зауыт басшылығы өз міндеттеріне қайшы әрекет етіп, өнімді жеке тұлғалардан нарықтық бағамен алмақшы болған.

Прокурорлар бұл жоспардың заңсыз екенін анықтап, сатып алуды тоқтатты. Осылайша, мемлекеттің 147 миллион теңгеден астам қаражаты бюджетте қалды. Қазір бұл бағыттағы тексеріс жұмыстары жалғасып жатыр.

Ұқсас ақпараттар